Жоба • 15 Сәуір, 2024

Табысқа бастайтын жоба

108 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ауыл тұрғындарының бизнесін қолдайтын «Ауыл аманаты» жобасы «Аmanat» партиясының бастамасымен 2022 жылы қолға алынып, 2023-2025 жылдар ара­лығында жалғасады деп белгіленген болатын. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдағы бизнесті, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Бағдарлама аясында жыл сайын еліміздің барлық облысына бюджеттік несие беріледі.

Табысқа бастайтын жоба

Сол 2022 жылдың жаз айларында «Сая­­си менедж­мент ­академиясы» осы жо­ба­ны іске асыру аясында «Табыс­тар­ды көбейту мақсатында ха­­лықтың экономикалық бел­сенділігінің өсуі саласын­да бас­шы­ның құзыреттілігін арт­тыру» тақырыбы бойынша еліміздің барлық ауыл­дық әкімін оқытты. Оған бар­лық 2 135 ауыл әкімімен қоса «Аmanat» партиясы аумақ­тық филиалдарының атқа­рушы­лары да қатысты.

«Ауыл аманаты» жоба­сының мақ­саты мен мінде­тін түсіндіру бойынша 40 күн­­дік ақпараттық марафон жа­салды, түсіндірме жүр­гі­зудің жедел топтары рес­пуб­ликамыздың барлық об­лысындағы 175 ауданның 425 аулы мен ауылдық округін аралады. Кездесулер барысында мобильді топ мүшеле­рі ауыл тұрғындарына же­ңіл­детілген несие алу, лизинг мүмкіндіктері және ха­лық­тың табысын арттыруға ба­ғытталған басқа да құрал­дар туралы ақпарат берді, сон­дай-ақ ауыл азаматтары­­­ның сұ­­рақ­тары мен ұсыныс­та­рына нақты жауаптар айтылды.

Осы уақыт аралығында сол­түстік ауыл бизнесмендері бағдар­ламаға бел­сенді қатысып жүр. Тек Қы­зылжар ауданында 45 тұр­ғын жобаға қатысып, 398 млн теңгенің жеңілдетілген не­сиесін алды. Соның ішінде «Прибреж­ное» селосының тұрғыны Станислав Волков өзінің техникалық қызмет көрсе­тетін стансасын (ТҚКС) дамыту үшін 8 млн теңгеге ие болды. Енді ол өз үйінің ауласында ғана жұмыс істеп келген ТҚКС аумағын кеңітіп, жаңадан үлкен бокс ашты. 

«Жаңа боксты да жылы­тып, ішінде жұмыс істейтін қыл­дық. Қосымша екі көтер­гіш сатып алдым. Ерінбеген адамға жөндеу жұмысы де­­ге­ніңіз жетіп артылады. Ауыл ­шаруашылығы тех­ни­ка­ларын да жөндеуге бо­лады. Соның арқасында ай са­йынғы төлемдерімді уақы­тында төлеп тұрмын», дейді С.Волков. 

Осы ауылдың тағы бір тұр­ғыны Әмір Баукенов қой өсірумен айналысады.  «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл-көсір» деген ата-баба на­қылын басшылыққа алған ол несиеге 115 тұяқ қой сатып алды. Қазір қарамағында өзінен басқа үш адам нәпақа­сын айырып жүр.

«Бұрын өз ақшама 130-дай тұяқ қой сатып алып, еңбектеніп жүргенмін. Енді мына жеңілдетілген несие­нің арқасында 250 тұяққа жет­кіздім. Әрбір еркек қойды семіздігіне қарай 50-60 мың теңгеге сатамын. Сондықтан табысым, шүкір, аз емес. Жемазықты өзіміз дайындаймыз. Жалпы, қой өсіру жақ­сы табыс көзі болатынына сенімдімін», дейді ол.  

Бескөл аулының тұр­ғы­ны Мәдина Қабаеваның биз­несі ауыл шаруашылығы­на жақын деп айту қиын. Алай­да қазір ауыл тұрғындары  оның да қызметін пай­­дала­на­­тын көрінеді. Бескөл аулы­­ның өзі Қызылжардың тү­бінде ор­на­ласқан үлкен ауыл бол­­ғандықтан, оның тұр­­­ғын­­да­ры негізінен қала өмі­­рі­­мен тірлік етеді. Көпте­­­ген тұр­­ғын Қызыл­жа­­рдың­ ме­­­­ке­ме-кәсіпорында­рын­­да қыз­­­­мет істейді. Міне, осы жан­­­­дарға Мәдина Қабае­ва ла­­­зер­­лік эпиляция қызме­тін көр­­­­сетеді. Мәдина «Ауыл амана­ты» бағдарламасы­ның кон­­­кур­­сына түсіп, өз қыз­ме­­ті­­нің ауыл адамдарына ­қа­­­­жетт­і еке­­нін дәлелдеп шы­ғып, же­­ңіл детілген не­сие­ге қол жет­­­кіз­ген. Несие қар­жы­сына Гер­­­маниядан «Ноlkon» атты қым­бат аппарат са­тып алған.

«Бұл аппараттың құны – 3 млн теңге. Жарты жылда-ақ оның бағасын шығарып алатыныма сенімдімін. Әрі қарай таза табысқа ие боламын. Өзімнің мамандығым – дәрігер-дерматокосметолог. Қызметімнің тұрғындарға қажеттілігіне көзім жеткен.  «Ауыл аманаты» бағдар­ла­масының несиесі маған ізде­генге сұраған болды. Өсім пайызы төмен, оның үстіне «несиелік каникул» да береді. Сондықтан мен бұл несиені алғаныма қуаныштымын», дей­ді М.Қабаева. 

Бескөл аулының тағы бір тұрғыны Радик Сағитов «Ауыл аманаты» бойынша несие алып, бөдене өсіруге кіріскен. Бұл бизнеспен Сағитовтың отбасы мүшелері тегіс айналысады. Шағын құс фермасы үйдің іргесінде орналасқан. 1500 бас бөденеге арналған арнайы торды Радик Сағитовтың сызбасымен жергілікті ісмерлер жасап берген. 

Онда тұрақты температура, жел­деткіш және қи түсетін лента бар. Халық арасында  бөдененің еті де, жұмыртқасы да мың түрлі дертке дауа еке­ні жиі айтылады. Адамның ойлау қабілетін арттырып, ағ­заны түрлі жұқпалы ауру­дан қорғайтын көрінеді. Ал дәмі тіл үйіреді әрі тойымды. Дәлірек айтсақ, кәдімгі тауық жұмыртқасына қара­ғанда бір грамм бөдене жұ­мырт­қасы құрамында А және D дәрумендері екі есе көп екені дәлелденген. Сон­дықтан бөдененің жұмырт­қасына деген сұраныс үлкен.

Радик Сағитовтың айтуы­на қарағанда, бөденені инкубатор арқылы жұмырт­қа­дан өндірген. Әрқайсысы 200 жұмырт­қаға шақталған үш инкубатор сатып алған. Бала­панның жұ­мыртқаны жарып шы­ғуына ­17 күн кететін көрінеді.

«Бір бөдене айына 25 жұ­мыртқа бере­ді. Әзірге біз­дің торларымызда әлі бала­­пан өсіп шыққан жоқ, ал тор­ларымыз тол­ған соң, кү­ніне 1500-ге дейін жұмырт­қа аламыз ба деген үмітіміз бар. Петропавл­дың супер­маркеттері оны сатып алу туралы әлден келісімшарт жасап қойды», дейді Р.Сағитов.

Рәсімдеген несиесінің кө­лемі 14 млн теңге екен. Биз­несмен екі жылдың ішінде несиені толық төлеп, таза табыстың жолына шығуды көздеп отыр.

«Ауыл аманаты» бағдар­ламасы бо­йын­ша несие­лерді «Солтүстік» әлеу­мет­тік кәсіпкерлік корпорациясы тара­тады. Биыл олар 250 ұсынысты зерттеп, несие беру мәселесін шешеді. Шағын және орта бизнес саласында мемлекет­тік бағдарламалар­ды орындау бөлімінің басшысы Талғат Жұмабеков­тің айтуын­ша, биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы­на рес­публикалық бюджеттен 1,8 млрд теңге қарастырылған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы