Мен әскери қызметкер және бейбітшілікті сақтау ісіне 43 жыл өмірімді арнаған адам ретінде елімізде ең алдымен бейбітшілік, тыныштық болғанын қалаймын. Оны сақтау үшін салиқалы саясат, өзгелерге өз сөзінің дұрыстығын мойындата алатын білікті де білімді дипломатия керек. Құдайға шүкір, қазір біздің ондай әлеуетіміз бар. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен еліміз өзін беделді биікке көтере алды.
Сонымен бірге, Елбасы ішкі келісім мен төзімділіктің де маңызы зор екендігін ешқашан естен шығарған емес. Осы орайда, 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялағанын мен шын ниетіммен қолдаймын. Ішкі келісімді сақтауда Ассамблеяның рөлі зор болып келді, алдағы уақытта да солай бола берері сөзсіз.
Жалпы, 2015 жыл Қазақстан үшін маңызы өте терең мерейтойлық жыл болғалы тұр. Соның ішінде бұл жылы Конституцияның – 20, Қазақ хандығының – 550 және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтпек. Осы мерейтойлардың бәрі де өздеріне лайық мазмұнда атап өтілуі керек. Бізде қазір «Әскери-ғылыми академия» атты қоғамдық бірлестік құрылды. Мен соның президенті болып сайландым. Міне, осы бірлестік те осынау тарихи оқиғаларды атап өтуге өзінің лайықты үлесін қосуға дайындалып жатыр. Соның ішінде жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу істеріне белсенді түрде қатыспақпыз.
Әсіресе, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына орай жастарымызға тарихтың терең қатпарларынан білікті дәрістер мен әңгімелер өткізуді көздеп отырмыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да біздің назарымыздан тыс қалмайды. Оның маңызын да бүгінгі жастарға білдіріп отыру – біздің парызымыз.
Мәжіліс депутаты ретінде айтарым, қазір бізге еліміздің экономикалық әлеуетін арттыра түсуді көздейтін және айтулы даталарды лайықты атап өтуге мұрсат беретін заң жобалары түсіп жатыр. Міне, соларды біліктілікпен талқылап, мемлекетіміз бен халқымызға барынша тиімді болатын тұстарын баса көрсете отырып қабылдауға белсене атсалысуымыз керек. Кез келген заң жобасында олқылықтар болмай тұрмайды, біздің міндетіміз – солардың өтіп кетпеуіне жіті назар аударып, жетімсіз жақтарын ширатуға атсалысу. Бұл міндетті атқаруға Мәжіліс депутаттарының әлеуеті молынан жетеді.
Осы уақытқа дейін қабылдаған заңдарымыздың еліміздің экономикасын көтеруде зор қызмет еткенін кешегі индустрияландыру бес жылдығының табысты аяқталғанынан көріп отырмыз. Қаншама жаңа кәсіпорындар, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Солардың бәріне заңнамалық тұрғыдан мүмкіндік берген біз қабылдаған заңдар екенін ойлағанда, еліміз үшін жүрегімізді мақтаныш сезімі де кернеп кетеді. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуына қолымыздан келген мүмкіндігіміздің бәрін жасаудамыз. Жаңа жылда да осындай қарқыннан көрінеріміз хақ.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Жаңа жыл жаңа табыстар әкелсін.
Абай ТАСБОЛАТОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20