Оңтүстік шаһардың жоғары оқу орындарында жақсы оқитын студенттер, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген жастар биыл да Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде дәстүрге айналған «Қыздар университеті шақырады» атты жаңажылдық ән-думан кешіне жиналды.
Жаңажылдық кешке Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республикалық «Жарасым» жастар ұйымы «Қазақстан студенттер альянсы» Алматы қаласы бойынша көшбасшылары, тағы басқа жастар ұйымдары атсалысты.
«Жаңа жыл тосын сыйларға толы, таңғажайып ертегі әлемі іспеттес», деген Қыздар университеті жастары одан әрі «Ертегілер әлемінде» атты композициялық қойылымды, «Санта клаустар» флэшмобын, «Ақшақар» биін қонақтар назарына ұсынды. Ал жаңажылдық кештің қонақтары дәстүр бойынша қонақ кәделерімен барша қауымға шат-шадыман көңіл күй мен ұлан-асыр думан сыйлады. Жүрекке жылылық ұялатып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған кеште мерекелік әндер айтылып, билер биленді, ойындар ойналып, түрлі байқаулар өткізілді. Республикалық «Жайдарман ойындарының» үздіктері, университетіміздің «Тек қана қыздар» КВН командасы, «Томирис» би ансамблі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблі, өзге де өнерпаз қыздар өз өнерлерімен кеш көркін аша түсті. Сәні мен салтанаты келіскен шара барысында Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Маркен Ахметов бастаған кеш қонақтары келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қуанышты көңіл күй сыйлаған Қыздар университеті басшылығы мен жастар саясаты бөліміне алғыстарын білдірді.
Шара соңында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік жатақхана», «Ең үздік бөлме» байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздармен марапатталды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
• 01 Қаңтар, 2015
Алматының белсенді жастары шырша тойында бас қосты

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30