01 Қаңтар, 2015

Жаңа асулар бағына берсін

434 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақ қашанда алдағы жылдар­ға үлкен сеніммен қарайды. «Бір аштықтың бір тоқтығы бар» дей­тін сабырлы қазақтың пейіліне беріп жатқан шығар, құдайға шүкір, Қазақстан кешегі одақтас мемлекеттердің ішінде дамып- өркендеуі жөнінде алдыңғы орындарда келеді. Елбасымыздың кешегі Жолдауы бәріміздің көңі­лімізден шықты. Ұзақ жылдарға арналған стратегиялық жоспары бар мемлекеттің келешегі кемел, қадамы нық. Н.Ә.Назарбаев әлемдегі дағда­рыс жайын айта отырып, оның Қазақстанға тигізер әсерінің алдын алу шараларын ерте бастап кетті. «Қазақстанда бәрі тамаша, ешқандай қиындық көрмей­міз» деп айта алмаспыз, өйткені, көрші елге салынып жатқан эконо­ми­калық санкция бізді айналып өтеді дегенге сену қиын. Бірақ, қолдағы барды бағалап, дұрыс ұқсата алсақ, бұл қиындықтарды да жеңіп шығуға болады», – деді Елбасы. Біз мұны Оңтүстіктің өмірінен көріп отырмыз. Оңтүстіктен индустрияландыру картасына құны 1,2 трлн. теңге болатын 223 инвестициялық жоба енгізілген. Соңғы бес жылда өндіріске 180 млрд. теңге жұмсалып, 135 жаңа жоба іске қосылды. Он мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 2,3 трлн. теңгеге жетіп, соңғы бес жылда үш есеге ұлғайды. Облыс әкімдігінің осындай ір­гелі жұмысының жақсы нәти­же беріп жатқанын жуырда Оңтүстікке келгенінде Елбасы да айрықша атап көрсетті. Сондықтан, есігімізді аттап жат­қан Жаңа жылдан жағымды жаңа­лықтар күтеміз. Елімізде ты­­ныштық болып, берекесі кіре бер­сін. Ел аман, елге арқа сүйеген Ел­басы аман болсын. Қазақстанның бағы­н­дырар асулары көп болғай. Жарылғасын ОҢАЛБЕКОВ, Академиялық-инно­ва­циялық университеттің ректоры, педагогика ғы­лым­дарының докторы, про­фессор, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.   ШЫМКЕНТ.