Қоғам • 17 Сәуір, 2024

Құлсары тұрғындары Маңғыстау облысына көшірілді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар 26 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетіне сілтеме жасап.

Құлсары тұрғындары Маңғыстау облысына көшірілді

фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты Құлсары қаласынан Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарына 26 мыңнан астам жергілікті азамат эвакуацияланды.

«Тұрғындар уақытша орналастыру орталықтарына, сондай-ақ туыстары мен еріктілердің қарамағына орналастырылады. Бүгін Үкіметтің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті эвакуацияланған азаматтарға қордан азық-түлік пен төсек-орындарын таратты», деп хабарлады ведомство.