Қоғам • 17 Сәуір, 2024

Тасқын кезінде ұшақ пен пойыз тарифтері көтерілген жоқ

168 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» қоры тасқыннан зардап шеккен өңірлерге 15 млрд теңге бөлді. Бұл қатарда Қордың корпоративтік орталығы, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром», «Қазақстан темір жолы», QazaqGaz, KEGOC, «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго» компаниялары бар. Сонымен қатар авиабилеттердің құны бекітілді, су тасқыны кезінде баға 40 мың теңгеден асырылмайды.

Тасқын кезінде ұшақ пен пойыз тарифтері көтерілген жоқ

Қор қызметкерлері гуманитарлық көмек пен қаражат жинап, өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстарына, зақым келген нысандар мен тұрғын үйлердің инфрақұрылымын жөндеуге белсенді көмектесіп жатыр.

«Қорға қарасты авиакомпанияларда билеттердің құнын төмендету үшін арнайы тариф енгізілді. Бұл тасқын суға тап болған өңірлерден зардап шеккендерді қауіпсіз жерлерге шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін «Эйр Астана» компаниясы 33 қосымша рейс және «Qazaq Air» компаниясы 2 қосымша рейс ұйымдастырды», деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Айта кетейік, авиакомпаниялар сұраныстың артуына қарамастан тарифтердің құнын көтерген жоқ, керісінше, 13-24 сәуір аралығында Атыраудан ұшатын тікелей рейстерге арнайы тариф енгізілді. «Эйр Астана» және FlyArystan әуекомпанияларының бір билеті (эконом) 40 мың теңгені құрайды. Qazaq Air компаниясында 24 сәуірге дейін су тасқынына тап болған өңірлер үшін барлық бағыт бойынша авиабилеттердің құны 40 мың теңгеден асырылмайды.

СМИ

«Эйр Астана» және FlyArystan су тасқыны басталғалы бері 60 тоннадан астам гуманитарлық жүкті тегін жеткізді.

Сонымен қатар табиғи апатпен күресу үшін Қор қажетті техникалар мен адам күшін ұсынды. Компаниялар тобынан 25 мыңнан астам адам су тасқынымен күрес жұмыстарына жұмылдырылып, 865 бірлік техника және 414 тонна ЖЖМ бөлінді.

Штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет ету үшін 45 шайып кетуге қарсы және 47 өрт сөндіру пойыздары ұйымдастырылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстанның басқа өңірлерінен су басу аймақтарына қажетті техникаларды жедел жеткізу үшін арнайы вагондар бөлді.

Бұл ретте теміржол транспорты арқылы жалпы саны 22 мыңға жуық адам тасымалданды, оның ішінде 12 мың адам ҚТЖ есебінен тегін жеткізілді. Тасқын кезінде теміржол билеттерінің құны көтерілген жоқ және сол деңгейінде қалғанын атап өткен жөн.

СМИ

Мәселен, Орал – Қызылорда және Атырау – Алматы бағыттары бойынша купе вагондарына билет құны – 13 915 теңге, плацкарт – 9 216 теңге. «Атырау – Астана» бағыттарындағы купе билетінің құны - 18 114 теңге, плацкарт - 11 898 теңге.