Тәуелсіздік – қай халық үшін де киелі, қастерлі ұғым. Ол халқымызға оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздіктің жолында ата-бабаның қаны, аналарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің көз жасы төгілді. Әз Тәуелсіздік хақында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттілігін қалпына келтіре алды», дегені ойға оралады. Бүгінде Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік тамырын тереңге салып, ұлы көшке ілесті. Осы елдің азаматтары ретінде ел тәуелсіздігін баянды етуге, Отанымыздың қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықтағы беделінің өсе түсуіне қызмет етуге міндеттіміз.
Құрылғанына 60 жыл толған «Жайықгидрогеология» кәсіпорны тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы барлық қиыншылықтарды елмен бірге бастан өткерді. Тәуелсіздікпен бірге тынысымыз ашылып, тірлімізге әр кірді. Биыл компаниямыз облыстың 24 ауылын ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында барлау жұмыстарын жүргізіп, үкіметтік комиссияның қарауымен жерасты су кендерінің шамасын бекітті. Соның ішінде Ақжайық ауданында Базартөбе, Шабдаржап, Бөрлі ауданында Ақбұлақ, Жаңақала ауданында Айтпай, Жәнібек ауданында Жасқайрат, Таловка, Зеленов ауданында Балаған, Макаров, Махамбет, Қаратөбе ауданында Соналы, Дайынөткел, Сырым ауданында Бұлан, Қособа, Аралтөбе, Бұлдырты, Жамбыл, Тасқала ауданында Аманкелді, Мерей, Теректі ауданында Пойма, Новопавловка, Подстепный, Ақсуат, Ақжайық, Приречный ауылдарына тәулігіне 5 200 текше метр мөлшерінде ауызсу қоры анықталып, бекітілді.
Ауызсуға мұқтаж болып отырған Ақсай қаласына және Жымпитының айналасындағы ауылдарға Ақбұлақ және Кеңащы жерасты су кендері барланып, су қорының мөлшері анықталды. Соның ішінде көптен бері тұщы су күтіп жүрген Сырым ауданының ауылдарына топтық су құбырын жобалауға мүмкіншіліктер пайда болды. Жергілікті құрылыс индустриясын шикізатпен жабдықтау мақсатында жалпы кең тараған пайдалы қазбалар барланып, олардың өндірісін жүргізуге жобалар бекітілді. Мысалы, Орал қаласының қасындағы Белая горка атты ақ балшық, көршілес Атырау облысының Индер ауылына шектесетін тұстан жұқа қиыршықты құм және гипс, Дариян ауылы қасындағы құм кендері өндіріс жүргізуге әзірленді.
Ауызсу мәселесі шешілмеген ауылдар облыста әлі де баршылық. Сондықтан, ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жалғасады деп ойлаймыз. Бар мақсатымыз, еліміздің көркеюі үшін және халықтың әл-ауқатын арттыру жолында қолымыздан келген қызметімізді адал атқаруға ұмтылудамыз.
Бисен ДАУМОВ,
«Жайықгидрогеология» ЖШС
бас директоры, жер қойнауының
құрметті барлаушысы.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05