Қазақстан халқы Ассамблеясы баршаңызды жаңа 2015 жылмен құттықтайды! Сіздерге бейбітшілік пен береке, болымды істер мен толымды табыстар тілейміз. Әрқашан аспанымыз ашық, елімізде ырыс пен ынтымақ, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыра-жай заман болсын. Жаңа жылда әрбір шаңыраққа бақыт пен молшылық тілейміз!
Келе жатқан Жаңа жыл – еліміз үшін шын мәнінде ерекше жыл. Елбасымыздың бастамасымен алдымыздағы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Оның мақсаты – отандастарымыздың жарқын келешегінің, балаларымыз бен немерелеріміздің шат күлкісінің кепілі болып отырған еліміздегі толеранттылық пен қоғамдық келісімді жалпақ әлемге паш ету.
2015 жыл біздің Отанымыз үшін тарихи белестерімізді атап өту жылы болмақ. Біздің тарихымыз – бұл бірліктің қайнар көзі! Өткенімізді бағалай отырып қана келешегімізді болжай аламыз.
Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын, Ш.Уәлихановтың 180 жылдығын, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын атап өткелі отырмыз. Бұл оқиғалар – еліміздің тарихында түбегейлі бетбұрыс жасаған жасампаз кезеңдер. Бұл тек тарихи қазынамыз ғана емес, елдік рухымыздың бастауы, бірлігіміздің негізі, мемлекеттілігіміздің айғағы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы – бұл бірлік жылы, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша әлем мойындаған Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің жалпыхалықтық салтанат құру жылы.
Келе жатқан Жаңа жыл жаңа биіктер мен белестерге жеткізсін!
Ортақ құндылықтарымызды бірге іске асыра отырып, біз Отанымыздың Тәуелсіздігі мен тұрақтылығын нығайту жолындағы ұлы істерді жалғастыра аламыз!
Жаңа жылда бақыт, табыс тілейміз!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05