01 Қаңтар, 2015

Қыс маусымы қалыпты өтуде

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орын­басары Бақытжан Сағынтаев қысқы жылыту маусы­мының барысы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы туралы селекторлық кеңес өткізді. Кеңес жұмысына министр­лік­тер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, облыстар және Аста­на, Алматы қалаларының әкімдері қатысты. Энергетика министрлігінің мә­ліметі бойынша республика тұр­ғындарын электр және жылу қуа­тымен қамту тұрақты режімде жүзеге асырылуда. Өтіп бара жатқан жыл басынан бері елімізде 93 мил­лиард кВт. сағат электр қуаты өндірілген. Бұл – өткен жылғы­дан 2,1 пайызға артық. Қуат көздері қоймаларында 4,5 миллион тонна көмір, 157 мың тонна мазут қоры жинақталған. Бұлар – қор нормасына сәйкес келетін көрсеткіштер. Қуат өндіруші және жеткізуші кәсіпорындардың негізгі құрал-жабдықтарына жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілген. Әлеуметтік маңызды азық-түліктерге негізсіз баға өсімін болдырмас үшін өңірлердегі атқарушы органдар бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруда. Ұлттық экономика министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып баға қозғалысына тұрақты түрде мониторинг жүргізу үстінде. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне негізсіз баға көтеру, рынок субъектілері арасында жасырын баға келісімін жасасу, сауда нысандарына отандық тауар өндірушілердің қатысуын шектеу оқиғалары орын ала қалған жағдайда қолданыстағы заңдар аясында тиісті шаралар қолданылады. Бүтіндей алғанда, азық-түлік тауарларының баға қозғалысына бақылау жүргізу тетіктері жақсы жұмыс істеуде. Селекторлық кеңесте, сондай-ақ, жаңажылдық мереке кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылды. Кеңес қорытындысында Ба­қытжан Сағынтаев тиісті атқару органдарына бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025