Бұл – тоқсан бестің төріндегі таралымымыз
Тәуелсіздік тойының қарсаңында «Ұлт ұясындағы ұлағат» деген жинақ шығарғанбыз. Елбасымыздың Ұлытау төріндегі тарихи сұхбатынан туындаған толғаныстардың басын қосқан сол кітаптың тұсаукесерінде жұртшылыққа мынандай жайды айтқанбыз. Президент сұхбатына алғашқы үнқосу пікірлері редакцияға ол әңгіменің мәтіні газет бетіне басылмай тұрып-ақ түсіп үлгерді. Ұлытаудағы сұхбат «Хабар» арнасынан 24 тамызда кешкі сағат 22.00-де берілді. Күн жексенбі болатын. Ертесіне таңертең жұмысқа келсек, сұхбатқа үн қосқан екі пікір үстелімізде жатыр. Тағы екі пікір түске таман түсті. Бәрі электронды поштамен келген. «Хабардан» Елбасының әңгімесін тыңдағандарын, кейіннен «Ақорда» сайтынан оқығандарын айтады, разылықтарын білдіреді, ойларын ортаға салады. Бұл нені көрсетеді? Бұл ел халқының ең ділгер сөзін алдымен «Егемен Қазақстанға» айтуға асығатынын көрсетеді. Бұл оқырманның ел газетіне сенетінін, осында жарияланған сөз халыққа барынша кеңінен тарайтынын білетінін көрсетеді. Сол сенім, міне, бүгін бізді тағы бір биікке шығарып отыр. Осы жаңа ғана «Егемен Қазақстан» басылатын барлық 15 баспаханадан ең соңғы, түпкілікті мәліметтерді алдырып біттік. Бүгіннен бастап Астанадағы «ЕRNUR» медиа холдингі – 11 144, Алматыдағы «Дәуір» – 18 099, Қарағандыдағы «Қарағанды полиграфия» – 14 821, Қостанайдағы «Қостанай полиграфия» – 4 220, Қызылордадағы «Энергопромсервис» – 18 945, Ақтаудағы «Caspiy Print» – 6 315, Ақтөбедегі «Хабар Сервис» – 10 488, Атыраудағы «Атырау ақпарат» – 13 413, Шымкенттегі «Ernur Print» – 38 371, Павлодардағы «Дом печати» – 11 827, Петропавлдағы «Полиграфия» – 7 909, Тараздағы «Сенім» – 16 840, Оралдағы «Жайық Пресс» – 14 373, Талдықорғандағы «Офсет» – 4 015, Өскемендегі «Печатное агентство Рекламный дайджест» – 12 614 дана газет баспақшы. Барлығы – 203 394 дана! Ойымыздағы болыпты. Ортамыз толыпты. Газет 200 мыңнан асатын тамаша таралымын сақтап қалыпты. Тіпті біраз дана қосып та алыпты. Сонымен, ел газеті «Егемен Қазақстанның» 2015 жылғы осы тұңғыш нөмірі екі жүз үш мың үш жүз тоқсан төрт дана таралыммен басылып отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (201 715 дана) 1 679 данаға артық. Жаңа жылдың табалдырығында тұрып біз ел газетіне сенімін тағы көрсеткен барша оқырман ағайынға ақ алғысымызды айтамыз. Біз бағындырған бұл биіктің астарында ең алдымен ел халқының елдік санасының жоғарылай түсуі, біз дәйім насихаттаудан танбайтын Елбасы саясатын қолдауы, мемлекеттік тіл мәртебесінің жылдан-жылға орнығуы, жұртшылықтың әл-ауқатының артуы тұрғанын жақсы түсінеміз. «Мемлекет газетінің мемлекеттік саясатты мемлекеттің көмегімен атқаратыны әбден табиғи жай» деп жақында өзіміз жазғанымыздай, газетке жазылым науқанына жанашырлық танытқан барша азаматтарға да алғысымызды айтамыз. Тоқсан бес жастың төріне көтерілген «Егемен Қазақстан» алдағы кезде де елдіктің жаршысы, мемлекеттіліктің мінбері, жасампаздықтың жылнамашысы миссиясын абыроймен атқара береді деп сендіреміз. Жаңа жылда жазар жақсылығымыз көп болсын! Сауытбек АБДРАХМАНОВ.Алматы облысында көлік салығынан жалтарғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 13:34
Қасым-Жомарт Тоқаев Валентина Матвиенкомен кездесті
Президент • Бүгін, 13:28
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қарағандыда күдікті 14 млн теңге ұрлап, құмар ойынға жұмсаған
Оқиға • Бүгін, 12:39
Ақмолада вейп саудасы тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 12:36