АСТАНА. 5 қаңтар. Ақмола және Ақтөбе облыстарында соттардың жаңа төрағалары мен судьялары өз ұжымдарына таныстырылды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов облыстың судьялар қауымдастығына қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының жаңа төрағасын және облыстың жергілікті соттарының жаңадан тағайындалған төрағаларын таныстырды.
Президенттің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 983 Жарлығына сәйкес, Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне – Жанна Бердіғұлова, Сандықтау аудандық сотының төрағасы қызметіне – Азамат Аймұхамедов, Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметіне – Жанат Теміров, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметіне – Ерғали Ізтаев және Шортанды аудандық сотының төрағасы қызметіне Қанат Бейсекеев тағайындалды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық сотында облыстық сот судьяларының жалпы отырысында аталған Жарлыққа сәйкес тағайындалған сот төрағалары мен судьялар ұжымға таныстырылды.
Іс-шараға облыстық сот төрағасы Е.Айтжанов, облыстық сот судьялары мен мамандары, қалалық және мамандандырылған соттың төрағалары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жалпы отырыста Алға аудандық сотының төрағасы лауазымына – Исдәуір Мұратқанов, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы лауазымына – Ерғали Ерназаров, облыстық соттың судьясы лауазымына – Гүлнар Ибраимова, Ақтөбе қаласының № 2 сотының судьясы лауазымына Әлия Бекталиева таныстырылды.
Іс-шараның ресми бөлігінен кейін облыстық сот төрағалары судьяларды жаңа қызметке тағайындауларымен құттықтай отырып, олардың еңбегіне сәттілік тіледі және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бойынша бірқатар міндеттерді айқындады.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.
• 05 Қаңтар, 2015
Екі облыста соттардың жаңа төрағалары мен судьялары қызметтеріне кірісті

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30