Спорт • 19 Сәуір, 2024

Халықаралық спорттық ойындар Астанаға келді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде «Дети Азии» халықаралық спорттық ойындары ұйытқы болған «Путь к Олимпу» атты білім бағдарламасы өтті.

Халықаралық спорттық ойындар Астанаға келді

Алдымен, мекемеге қарасты «Қажы­мұқан» спорт кешенінде бокстан және дзю­додан шеберлік сабақтары өтті. Осы ойын­дардың түлектері – бокстан әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов және дзю­додан Азия чемпионы, әлем Кубо­гі иегері, Олимпиада Ойындарының қатысу­шысы Айбек Имашев балалармен өз шеберліктерімен бөлісті. Мастер-класс­тар­дан кейін автограф-сессия орын алды.

«Путь к Олимпу» білім бағдарламасының салтанатты ашылуында «Дети Азии» халық­аралық комитетінің президенті Владимир Мак­симов жиналған қатысушыларға сәттілік тілеп пікір білдірді.

Қарымта сөз кезегінде Қ.Мұңайтпасов оқу-спорттық ордасының басшысы Мерей Ақшалов ұйымдастырушыларға алғыс айтып, салт-дәстүрімізге сай, алыстан ат терлетіп келген мәртебелі қонақтың иығына шапан жауып, арнайы құрмет көрсетті.

Содан кейін, спортшылар (14-16 жасар) үш топқа бөлініп, білім бағдарламасы бойынша допингке қарсы іс-әрекеттер жолы, спорт­тық психологияны дамыту жолдары және ойындардың тарихы туралы сабақтар мен тесттерге қатысты.

Іс-шара соңында, қатысушыларға осы халықаралық ұйымның сертификаты тапсырылды.

Саха (Якутия) Республикасының Қазақ­стандағы күндері бүгінде жалғасын тауып, басқа да іс-шаралар өтеді.