Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева «Ақжар-2» кентінде тұратын 100 жастағы Ақжарқын Тұрғанованы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Алтын асықтай әже жастайынан аштықты да, Ұлы Отан соғысының ауыртпалықтарын да бастан өткерген. Аштық жылдары атшоңқай жеп аман қалса, соғыс кезінде сабан айдаған, 16 сиырды күніне үш мезгіл сауып, бозала таң, бозторғай шырылынан оянып, түн ауғанша бел шешпей, «Бәрі майдан үшін» деп еңбек еткен. Кейін ұжымшар, кеңшар жұмысына атсалысып, шалы Айжанға көмекші шопан болған.
Еңбекпен шыңдалған кейуана тың, жады мықты. Баласы Жақсылық пен келіні Әминаның, немере-шөберелерінің бағым-күтімінің арқасында қолын жылы суға малып отырған жәйі бар. Ұлы Жақсылық Айжанов елімізге белгілі ақын. Жарасты отбасының ұйытқысы Әмина енесі Ақжарқынның барлық бағым-күтімін келістіріп отырған үлгілі келін.
– Енеммен бірге тұрғаныма 40 жыл болды. Ертеректе бір ауырғанында қорықпа, апа, сізді жүзге жеткізбесем Әмина болмай кетейін дегенім бар еді, соған жеттім, – деп сөз арасында әзілдеп те қояды.
Өмірден ертерек озған шалы Айжанмен екеуі қызы Тыныштық пен ұлы Жақсылықты қатарынан кем қылмай өсірді. Қазір де солардың, немере-шөберелерінің тілеуін тілеуден жаңылған емес. Ақжарқын кейуана – қызы мен ұлынан 15 немере, 26 шөбере көріп отырған бақытты жан.
Айгүл Арынғазиева ғасыр жасаған кейуанаға гүл ұсынып, жаңажылдық сыйлығын тапсырды, зор денсаулық, бақыт тіледі, балаларының, немерелерінің және шөберелерінің қызығын көре беруіне деген ықылас-ниетін білдірді.
Өз кезегінде Ақжарқын әже біріншіден, үкілеп бағып отырған бала-келініне, осындай бақуатты тұрмысқа жеткізген Елбасына, Мемлекет басшысының үлгісін ілгері апарып келе жатқан жергілікті билікке ризашылығын білдірді. Елімізге табыс пен татулық, береке-бірлік тіледі.
Айгүл Арынғазиеваның айтуынша, соңғы жылдары 100 жасаған, одан ұзақ өмір сүретіндер қатары көбейіп келеді екен. Яғни, мұны адамдардың өздерінің туабітті денсаулығымен бірге, өміріміздің жақсара түскенінің, сондай-ақ, қазақстандықтардың өмір жасын ұзартуға бағытталған шаралардың да арқасы деу орынды болмақ. Қазір Ақтөбе қаласының өзінде ғана ғасыр жасаған 18 адам тұрады, олардың барлығы да қалалық әкімдік тарапынан осындай ілтипатқа бөленіп, сый-сияпатқа ие болды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе.

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30