Жәдігер • 20 Сәуір, 2024

Сирек қорлар көмбесі

164 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда төрінде өтіп жатқан Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне еліміздің өңір-өңірінен де қаты­сып жатқандар бар. Соның бірі – Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Абай жолы» кітапханасы әдеби экспозициясын, оның сирек қорларын ұсынып отыр.

Сирек қорлар көмбесі

Тарихи кітапхана қорын­да­ғы көне жәдігер – кітап ескерт­кіш­терімен және «Абай жолы» кітап­ханасы жобасы аясында жарық көрген жауһар туынды­лар­мен көпшілік қауымды ке­ңі­­нен таныстыруды мақсат ете­ді. Көрме қонақтарын Абай, Шә­кә­рім, Мұхтардың көзі тірі­сінде олар туралы жазылған сирек дерек­көз­дер ерекше әсерге бөлеген.

Әдеби экспозицияның «Абай, Шәкәрім – сирек басылымдарда» бөлі­­мінде Абай мен Шәкәрімнің қай­­раткерлік тұлғасын ашатын, сирек кездесетін өлкетану басылымдары ұсынылған. Сонымен қатар жас М.Әуезовтің тұл­ға­лық қасиетін танытатын түп­нұс­қалар да көрмеден орын алды.

Ал «Сирек басылымдардағы Әуезов шығармалары» бөлімі Абайдың көркем әдебиеттегі бейнесін сомдайтын «Абай жолы» эпопеясының мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған алғашқы үзінділерімен, эпопея­ның 1945, 1948, 1949, 1950 жылдардағы толық нұсқасымен таныстырды.

Әдеби экспозицияның үшін­ші бөлімінде облыс әкімі Н.Ұран­хаевтың қолдауымен 2023 жылы жүзеге асырылған «Абай жолы» кітапханасы жобасы ая­сында жарық көрген өңір автор­ларының шығармалары қонақ­тар­дың назарына ұсынылды.

Жоба аясында хакім Абайдың, ойшыл Шәкәрімнің, суреткер Әуезовтің және осы топырақ­тан шық­қан Халық жазушысы Ә.Нұр­­­шайықовтың, балалар­ жазу­­шысы Ә.Толымбектің, қалам­герлер Т.Ысмайыловтың, Ы.Мұса­ұлының, Б.Жақыптың, Д.Рамазанның, А.Кемелбаева­ның әдеби-көркем туындылары мен абай­танушы ғалым Т.Жұрт­бай­дың еңбектері таныстырылды. Сонымен қатар Ақтамберді Сарыұлы мен Дулат Бабатайұлы, Абайдың ақын ұрпақтарының шығармаларынан топтастырылған «Жыр жауҺар­ла­ры» жыр жинағы, Абай кітап­ха­насының 140 жылдық тарихына байланысты сирек басылымдар қорынан құрастырылған «Абай кітапханасы – сирек басылымдарда», «Хранитель истории» атты қос томдық жинақтары, рес­пуб­ликалық «Абай» журналының беттерінде жарық көрген құнды мақа­лалардан жинақталған «Біл­ген­ге маржан» жинағы қойылды.

Іс-шара қонақтарына 140 жыл­­дан астам тарихы бар көне кітап­хананың сирек басылым­дар қорынан және «Абай жолы» кітап­ханасы жобасы аясында жарық көрген басылымдардан мағ­лұмат беретін, кюар-код­талған шығармаларды мобильді қо­сым­шаға жүктеу мүмкіндігі бар үлес­тірме материалдар таратылды.