Оқиға • 20 Сәуір, 2024

Алматыда жоғалып кеткен екі ер адамның мүрдесі табылды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жоғалып кеткен 1990 және 1980 жылы туған ер адамдардың денесі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жоғалып кеткен екі ер адамның мүрдесі табылды

Фото: stan.kz

1990 жылы туған Андрейчук Никита Максимович 15 сәуірде Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 536 үйден шығып кетіп, оралмаған. 

Іздеу-құтқару жұмыстары қарқынды жүргізілгенмен Никита Максимовичтің денесі табылды.

Ал 1980 жылы туған Қасымхан Тұрды 9 наурыз күні жоғалып кеткен. Таңертең сағат 7-де Іле ауданы, Жайнақ ықшам ауданы, Жерұйық көшесі, 22-үй мекенжайынан белгісіз бағытқа кеткен.

2 айға жуық іздеу нәтижесінде  ер адамның мүрдесі табылды.