Төтенше жағдай • 20 Сәуір, 2024

Жайық өзеніндегі су арнасынан асты ма? – Қазгидромет соңғы мәліметті жариялады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК соңғы 4 сағат ішінде БҚО-дағы Жайық өзені деңгейінің өзгерісі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайық өзеніндегі су арнасынан асты ма? – Қазгидромет соңғы мәліметті жариялады

 Мамандардың мәліметінше, Орал қаласы тұсында Жайық деңгейі 8 метрден 37 см асқан.

«Ресеймен шекарадағы Январцев ауылы тұсында +1 см көтерілген; Орал қаласында – +5 см, Көшім ауылы тұсында – +6 см, Тайпақ ауылы тұсында – +2 см. Орал қаласы тұсында Жайық деңгейі 8 метрден 37 см асты. Қауіпті деңгей – 850 см», – делінген хабарламада.

Бұған дейін БҚО-да 3 300-ге жуық саяжай үйі су астында қалғанын жазған болатынбыз.