Елорда • 21 Сәуір, 2024

Астанада тағы бір аудан құрылады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов Астанада алтыншы аудан құру туралы бастаманы көтерді, деп хабарлады Egemen.kz.

Астанада тағы бір аудан құрылады

«Мемлекет басшысы Астана ел өмірінде ерекше орын алатынын бірнеше рет атап өтті. Қалаға тек экономика емес, сәулет, урбанистика тұрғысынан белгілі бір талаптар қойылады. Өздеріңіз білетіндей, Алматы ауданы - халқы ең көп аудандардың бірі. Алматы ауданында 6 тұрғын алабы бар. Олар: Промышленный, Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Юго-Восток. Ауданның аумағы 15 471 гектарды құрайды. Мұнда шамамен 400 мың адам тұрады. Тұрғын үй қоры 885 көпқабатты тұрғын үйді құрайды. № 1 Индустриялық парк аумағында 51 кәсіпорын жұмыс істейді.Железнодорожный тұрғын алабында № 2 Индустриялық парк салу жоспарланып отыр. Аудан әкімінің аппаратына жүктеме артты», - деп атап өтті Ерлан Каналимов.

Қалалық мәслихат төрағасы осыған байланысты Астананың жаңа алтыншы ауданын құруға бастамашы болғанын түсіндірді.

«Бастама, ең алдымен, халықтың өсу динамикасы мен азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, аумақты тиімді басқаруға және дамытуға бағытталған.Жаңа әкімшілік бірлік өзінің инфрақұрылымын дамыту, жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті ресурстар мен құралдарды алады деген болжам бар. Мәселе қала жұртшылығымен алдын ала талқыланып Астана әкімі мен мемлекет Басшысының қарауына шығарылады», - деді Ерлан Каналимов.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025