Үкімет • 23 Сәуір, 2024

8,8 мың отбасы мемлекеттік қолдау алды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтардың шығынын өтеу үдерісі жалғасып жатыр. Үкімет бұл жұмыстарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізуде.

8,8 мың отбасы мемлекеттік қолдау алды

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және еліміздің басқа да облыс­та­ры­ның тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 16 862 өтініш келіп түскен.

Биылғы жылдың 20 сәуіріндегі жағдай бойынша 8 814 отбасы жалпы сомасы шамамен 3,2 млрд теңге болатын 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлем алды. 2 мыңнан астам отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 1 млрд теңгеге жуық өтемақы алды. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 89 млн теңгеге жетті.

Қазіргі таңда зардап шеккен өңірлерде 3 210 тұр­ғын үй тексеріліп, олардың 1 969-ына бағалау жүр­гізілді. 311 үйде жөн­деу жұ­мыс­та­рын жүргізу үшін 447 млн  тең­ге­ден астам қаржы бөлінді. 35 отба­сы­­ға ескі үйдің орнына жаңа баспана және пәтер­лер берілді.

Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалға­сып жатыр және олар Үкіметтің қатаң бақы­лауын­да. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша бар­лық зардап шеккен азаматқа жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.