07 Қаңтар, 2015

Топырақты мұнайдан тазартудың амалын тапты

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мунай-5 Мунай-3Отандық ғалымдарымыз бен өнертапқыштарымыздың жетістігі уақыт өткен сайын еселеніп келеді. Әсіресе, соңғы кездері әлем назарына ұсынылған тың жобалар мен айтулы жаңалықтардың мән-маңызы ерекше. Міне, осынау іргелі істердің қатары тағы бір ғылыми жобамен толығып отыр. Нақтылай айтқанда, қазақ­стандық химик Ерлан Досжанов мұнайдан ластанған жерді тазар­тудың әдісін ойлап тауып, бұл жаңалығын  «Еуразияның үздік жас ғалымы» сайысында сәтті қор­ғап шықты. Осылайша, ТМД елдерінен келген жүзден астам ғалым қатысқан конкурста отан­дасымыздың жұмысы маман­дардың ыстық ықыласына бөле­ніп, «Адам экологиясы» номина­циясында үздік деп танылды. Мұнайдан ластанған топырақ қабатын микроағзаларды қолдану арқылы тазарту тәсілін ұсынған ғалым өз жаңалығының мәнісін «Бұл әдіс арқылы топырақты 73-90 пайызға дейін тазартуға болады. Көмірсутектер тотығып, соңында су мен көмірқышқыл газы бөлініп шығады», – деп түсіндірді. Айта кетелік, Ерлан Досжанов – PHD докторы, Жану проблемалары институтының ғылыми қызметкері, сондай-ақ, топырақтың ластануы себебін биохимиялық әдіспен табу жобасының авторы. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».