Саясат • 23 Сәуір, 2024

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Астанаға келеді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Астанаға екі күндік іс-сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Астанаға келеді

Фото: facebook.com/DavidCameronOfficial

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Дэвид Кэмеронмен келіссөз жүргізеді.

«Ертең, 24 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және даму істері министрі Дэвид Кэмерон Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді», делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Сапар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті