Қоғам • 23 Сәуір, 2024

Су тасқыны кезінде азық-түлік бағасын көтерген 17 кәсіпкер анықталды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМТ) бағасын негізсіз көтерген 17 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тасқыны кезінде азық-түлік бағасын көтерген 17 кәсіпкер анықталды

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Елімізде су тасқыны кезінде облыс бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Рейдтер ірі сауда орындары мен жергілікті дүкендерді жіті бақылауға алды. Сонымен қатар бағаның негіссіз өсуіне жол бермеу үшін азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы күшейтілді.

«Мониторинг барысында кәсіпкерлердің осал жағдайды пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енгізілген тауарлардың бағасын көтеру фактілері анықталды. Аталған кәсіпкерлік субъектілеріне ескерту және айыппұл түріндегі әкімшілік жазалар қолданылды. 204-баптың 4-тармағының «ТЖҚҚ-да тауар ставкасының асып кетуі» бойынша 17 сауда субъектісінің иелері жауапкершілікке тартылды, оның ішінде екі сауда нүктесі төтенше жағдай жарияланған аумақтарда орналасқан. Сондай-ақ аудандарда тағы 4 дүкен иесіне қатысты әкімшілік іс қаралып жатыр», дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.

Айта кетсек, өңір тұрғындары үшін ӘМТ бағасының көтерілуі туралы хабар беруге болатын сенім телефоны ашылды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті