Қылмыс • 24 Сәуір, 2024

Ақтөбеде орталық директоры мүгедектерге тиесілі 30 миллион теңгені жеп қойған

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде “Мore Life” қоғамдық қорының директоры балаларды емдеуге арналған қаражатты иемденді деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде орталық директоры мүгедектерге тиесілі 30 миллион теңгені жеп қойған

Ақтөбе облысының прокуратурасы бірқатар жәбірленушілердің өтініші бойынша ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы “аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

- 2023 жылы "MoreLife" ҚҚ директоры Ж. "церебральды сал ауруы"диагнозымен есепте тұрған жас баланы емдеуге 30 млн теңге көлемінде ақша жинау үшін жәбірленушілердің бірімен шарт жасасқан. Жиналған қаражатқа қол жеткізгеннен кейін күдікті Ж. жәбірленуші А. -ны кәмелетке толмаған баласымен Беларусь Республикасының Минск қаласына жібереді, - деді Ақтөбе облысының прокуратурасы.

Алайда, ведомствоның мәліметінше, жәбірленуші келген кезде жиналған ақша емдеу мекемесінің шотына аударылмағанын біледі.

- Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер облыс прокурорының жеке қабылдауында болды. Тергеу қатаң бақылауға алынды, жедел-тергеу тобы құрылды. Облыс прокурорының нұсқауы бойынша Мore Life қоғамдық қорының директоры ҚІЖК – нің 128-бабына сәйкес ұсталды, екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, барлық зардап шеккендердің саны және келтірілген залал сомасы белгіленеді.