Аймақтар • 24 Сәуір, 2024

Зайсанда 2 балдық жер сілкінісі болды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында 2 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Egemen.kz.

Зайсанда 2 балдық жер сілкінісі болды

Фото: bigox.kz

ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

  • Жер асты дүмпулерінің уақыты – 11:19 (Астана уақытымен)
  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9.
  • MPV магнитудасы - 4.4.
  • Тереңдігі - 5 км.
  • Сезілген аймақ: Зайсан ауданы, Тасбастау ауылы - 2 балл.