Қазақстан • 24 Сәуір, 2024

Қазақстанда су тасқыны туралы ақпаратты жинақтайтын ресурс пайда болды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда су тасқыны туралы барлық қажетті ақпаратты жинақтайтын qoldau.gov.kz ресурсы іке қосылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда су тасқыны туралы ақпаратты жинақтайтын ресурс пайда болды

Фото: Massaget.kz

Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Александр Белиловский атап өткендей, мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық деректер, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, шенеуніктердің мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары барынша жылдам жаңартылып, толықтырылады.

«Су тасқыны басталғаннан бері Орталық коммуникациялар қызметінің базасында республикалық ақпараттық штаб құрылды. Зардап шеккен аймақтардағы жағдай туралы және су тасқынының зардаптарын жою бойынша қабылданған барлық шаралар туралы хабарлайды. Төтенше жағдай кезінде адамдар ақпарат алған жағдайда, оны ресми дереккөз арқылы тексеруге мүмкіндік алуы маңызды», деді Белиловский.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті