![Найзағай, бұршақ, боран. Алматыда күн райы күрт бұзылды](/media/2024/04/24/crop-24_12_1253x923_a48d091b-0062-4035-b6d9-1168d7967c7f.jpg)
Фото: Kris_p_almaty
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қала ішінде бірнеше ағаштың құлағанын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта 109 құтқару қызметінің техникасы мен мамандары Алмалы ауданы, Қазыбек би көшесі, 65-үйдің жанында ағаштардың құлауы туралы хабарламаларға шықты. Сондай-ақ Бостандық ауданы, Шашкин мен Попов көшесінің қиылысында және Орбита-3 шағын ауданында ағаштар жолға құлаған. Аумақты тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.