Семей халқы кеше Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жолға шыққан «Жеңіске құрмет» марафон акциясын күтіп алды. Марафон Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр.
Офицерлердің Гарнизон үйінде өткен салтанатқа қала халқымен бірге, соғыс ардагерлері және әскери қызметкерлер жиналды. Жиын барысында «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығына Қарағандыдан әкелінген Жеңіс жалауы ресми түрде табысталды.
«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие ісі және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары А. Мұқатаевтың айтуынша, бұл жалпыұлттық акция еліміздің барлық қалаларында өткізіледі. Акцияның тағы бір мақсаты онсыз да қатары азайып қалған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету болып табылады.
– Біз «Астана» өңірлік қолбасшылығынан Елбасы тапсырмасына орай жеткізілген Жеңіс жалауын көрген сәтімізді ерекше бағалаймыз, – деді соғыс ардагері Ғабдулғазиз Ахмеров. – Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақтар да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Мәскеу мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыл ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Балтық бойы елдерін жау қолынан жанқиярлықпен азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында Жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас жоқ.
Салтанатты кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Жеңіс жалауы Қазақстанның барлық жерінде болуы керек. Акция Семейден кейін Қапшағайда, Отарда, Ақтауда, Алматыда жалғасады. 15 қаңтарда Астанадағы «Жас ұлан» мектебінде аяқталады. Сол жерде ардагерлер жас ұрпаққа осы жалауды тапсырып, болашақта отансүйгіш патриот, елін, жерін қорғайтын азамат болып өсулері үшін естеліктер айтып, жастарға әскери-рухани бағыт беретін болады.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.
Суретті түсірген автор.
• 07 Қаңтар, 2015
«Жеңіске құрмет» марафон акциясы Семей қаласына жетті

Көмір өндіру және энергетика саласының мамандары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 21:42
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04