07 Қаңтар, 2015

Рождествомен құттықтады

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев православиелік христиандар мен барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қымбатты отандастар! Православие христиандарын және күллі қазақстандықтарды жарқын да ізгі мереке – Рождество мейрамымен құттықтаймын! Екі мың жыл бойы Рождество мерекесі діндарлардың жүре­гіне қуаныш пен үміт ұяла­тып, қайырымдылық пен әділ­дікке, мейірімділік пен кеші­рім­ділікке сенудің нышаны болып келеді. Бұл – ізгі ниеттер мен қайырымды істердің, кө­мекке мұқтаж адамдарға қам­қорлықтың уақыты. Осылай дей келіп, Елба­сы біздің заманымызда пра­вос­лавиеліктер қауымы өз­дері­нің ғибадат ету дәстүрін жал­ғастырып келе жатқанын атап көрсетеді. Ол адамдардың діни сеніміне, руханият қайнарынан сусындауына көмектесіп, моральдық ұстанымдары мен дәстүрлі отба­сылық құн­ды­лықтарын нығай­туда, дейді Пре­зидент өзінің құттық­тауында. Православие христиандары елі­міз­дегі конфессияаралық келі­сімді, қоғамдық тұрақтылық пен татулықты сақтауға сүбелі үлес қосып келеді. Елбасы құттықтауының соң­ында қазақстандықтардың діни нанымдары мен этностық шығу тектеріне қарамастан, қуа­ныштарын бір-бірімен бөлі­сетініне тоқталып өтеді. Осы жарқын мерекеде барша дін­дар­ларға денсаулық, рухани күш, игі бастамаларына сәттілік тілейді. Шаңырақтарыңыздан шаттық, татулық пен молшылық кетпесін, деп аяқтайды Қазақстан Республикасының Президенті өзінің құттықтауын.