08 Қаңтар, 2015

Қостанайда жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауы 10 пайызға көбейген

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
3-IMG_3317[1]ҚОСТАНАЙ. 8 қаңтар. Өткен жылы Қостанай өңірінде жасөспірімдердің өзіне қол жұмсау әрекеті 10 пайызға көбейген. Бұл туралы ng.kz хабарлады. Өкінішке қарай, жасөспірімдер арасында өзіне қол салу әркекеті жылдан жылға артып келеді. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық басқармасының бастығы Евгений Пархоменконың мәліметінше, 2014 жылы облыс өңірінде жасөспірімдердің 65 өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелген. Оның 11-і суицидпен аяқталған, 54 адам өз өмірін қиюға әрекеттенген. Ал 2013 жылы 59 суицид тіркелсе, соның 15-і өліммен аяқталса, 44-і әрекеттенген. Евгений Пархоменко: «Балалардың өзіне қол жұмсауының басты себебі – отбасындағы ұрыс-керіс, өзінің жақсы көретін адамымен ұрысып қалу, күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдай. Баланың өзіне қол жұмсауына көбінесе отбасының материалдық жағдайы емес, балалар мен ересектер арасындағы түсіністіктің жоқтығы әсер етеді. 2013 және 2014 жылдары өзіне қол жұмсауға әрекет еткен, суицидке барған негізінен 15-17 жастағы балалар. Бұл уақытта жасөспірімдерде негізінен психологиялық тұрақсық мінез, көңіл-күй байқалады», – деді. Өткен жылы көктемде Техникалық колледждің 17 жасар студенті Қарабалық ауданындағы Қособа ауылындағы сарайда асылып қалған. Себебі, оған ата-анасының мейірімі жетпеген көрінеді. Статистика көрсеткендей, қыздар өзіне қол жұмсауға жиі барады, әсіресе, ұлдар әрекеттенсе оны аяғына дейін жеткізеді екен. Е.Пархоменконың айтуынша, ұлдар табиғатынан ойына алған әрекетін аяқтауға, сөзінде тұруға ұмтылады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: ng.kz. 4-IMG_3318[1] 5-IMG_3319[1]