Экономика • 26 Сәуір, 2024

Жұмысшылардың қауіпсіздігі – басты орында

224 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді. Осы атаулы күннің мақсаты – еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын бұзуға жол бермеу, өндірістік жарақаттың алдын алу. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – жұмысшылардың еңбек жағдайына және әл-ауқатына назар аударудың бірден-бір себебі. Негізінде жалпы кәсіпорынның табысы да осыған байланысты екені анық.

Жұмысшылардың қауіпсіздігі – басты орында

Қазақстандағы газ саласының көшбасшысы «QazaqGaz» ұлттық компаниясы мен оның барлық еншілес тәуелді компаниялары да осы мақсатты берік ұстанады. Компания басшылары өндірістік нысандарында апатсыз қызметті қамтамасыз ету, жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу үшін барлық жауапкершілікті толық сезінеді. Бұл ретте зиян­ды және қауіпті өндірістік фактор­лардың жұмысшыларға әсер ету деңгейін төмендетуге, кәсіби тәуекелдер деңгейіне зор мән беріледі.

«Интергаз Орталық Азия» компаниясында басшылар мен желілік персоналдар арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. Ал еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтау – кәсіпорын қызметін басқарудың жалпы жүйесінің маңызды және ажырамас бөлігі, сонымен қатар тұрақтылықтың, экономикалық жағдайдың жақсаруы мен барлық қызметкердің әл-ауқатының кепілі.

см

2024 жылға арналған Өнер­кәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында құрамына «Интергаз Орталық Азия» АҚ кіретін «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Нөлдік жарақатқа 12 қадам» бас­тамасын іске асыруға бастапқы бағалау жүргізді. Өзін-өзі бағалау орталық аппаратта да, өндірістік филиалдарда да жүргізілді. Ал бұл – өз алдына бірде-бір жұ­мыскердің жұмыс орнында зардап шекпеуіне бағытталған маңызды қадам.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты жұ­мысшылардың біліктілігін арт­тыруға көп көңіл бөлінеді. Өйткені бұл – компанияның негізгі тірегі мен басымдықтарының бірі. Оның құны адам өмірі мен ден­саулығына татитын болса, ешқандай жетістік немесе табыс маңызды болмақ емес. Осының барлығын анық түсінген компания филиал директорлары, бас инженерлер және HSE тобының менеджерлері үшін «IOSH Қауіпсіздікті басқару» (IOSH Managing Safety) бағ­дар­ламасы бойынша оқыту курсын ұйымдастырды. Қазіргі уа­қыт­та бес филиал менеджері осы бағдарлама бойынша оқуды аяқ­тап, алған пайдалы білімін жұмыс процесіне енгізіп жатыр.

Жұмысшылардың ден­сау­лы­ғын сақтау да маңызды. Өзде­­ріңіз білетіндей, ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңай. Сондықтан медициналық қамтамасыз ету бағдарламасының алғашқы шаралары аурудың алдын алуға, ауруды ерте анықтауға және профилактикаға бағытталған. Бұл міндеттің орындалуын қамтамасыз ететін шаралардың бірі – мерзімді медициналық тексерулер. Биылдан бастап медициналық тексерулердің ауқымы кеңейтілді, кардио­лог­тардың кеңестері мен диаг­ностикалық зерттеу­лер енгізілді. Бұл бастапқы ке­зеңде жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 2023 жылы енгізілген «Кездейсоқ скрининг» нәтижелері бойынша бірінші тоқсанда осы нозологиялық топқа байланысты аурулар мен өлім-жітім санын азайтуға бағытталған «Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бағдарламасы» әзірленді. Сондай-ақ денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы, өндірістік санитария, қызметкерлердің денсаулығын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл жиі және ұзақ уақыт ауы­ратын жұмысшылардың санын азайтуға бағытталған. Атал­ған құралдардың барлығы қыз­мет­кер­лердің денсаулығына қатысты мәселелерді уақтылы анықтауға, созылмалы ауру­лардың өршу жиілігін төмен­детуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Биыл компания өзінің өнді­ріс орындарында денсаулық мектептерін ашуды да жос­парлап отыр. Негізгі мақсат – қызметкерлерді саламатты өмір салты дағдыларына үйрету және олардың денсаулығына әсер ететін мәселелер бойынша құзыреттілігін арттыру.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да жедел медициналық көмек көрсету жүйесі де жұмыс істейді. Жағдайды бағалау негі­зінде Компания аурулар мен жарақаттардың дамуындағы күрделі асқынулардың даму қаупін төмендету бойынша шаралар қабылдады: әрекет етудің әр кезеңінде қатаң уақыт ере­желері қамтамасыз етіледі, қызметкерлер оқытылады және медициналық төтенше жағдай кезінде өзара әрекеттесу шаралары туралы хабарланады. Сонымен қатар әрбір бөлімшеге төтенше жағдай кезінде жедел медициналық көмек көрсетуге дайын, мамандандырылған орта­лықтарда оқудан өткен және тиісті сертификаты бар парамедик кіреді. Мұның барлығы бірігіп «Интергаз Орталық Азия» АҚ барлық нысандарындағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейі туралы айтуға мүмкіндік береді.