Аталған игі іске Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұйытқы болды.
«Тифломузей» жобасы арқылы зағип азаматтарымыз кеңістікті шарлау қабілетін қалыптастыруға қол жеткізсе, замануи үлгідегі QR-код қойылған экспозиция мүмкіндігі шектеулі азаматтарға смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы ортағасырлық дүниеге саяхат жасауға мүмкіндік береді.
Салтанатты шарада арнайы бұрыштың лентасын аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Артық Нариманұлы мен Байзақ аудандық бастауыш ұйымының төрағасы Еркін Жалғасұлы қиып, жүрекжарды жылы лебіздерін арнады.
Ендігі кезекте ауданының тарихымен танысуға келген әрбір зағип жан музей қонағы бола отырып, халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтары мен тарихын терең таныса алады.
Айнагүл МАМЫТБЕКОВА,
Жамбыл облысы, Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері