Атырау облысының ветеринарлары үшін арнайы жабдықталған 14 автокөлік алынды. Ветеринария басқармасының басшысы Нұролла Сәтеновтің мәлім етуінше, ауру малдарды тасымалдауға арнайы жабдықталған көліктерді сатып алуға республикалық бюджеттен 178 миллион теңге бөлініпті. Әр көлікте дезинфекциялық қондырғы орнатылған.
Мал санының көптігімен ерекшеленетін Қызылқоға ауданына – екі, ал қалған аудандарға бір көліктен бөлінді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, қазір облыс шаруагерлерінің бағымында 600 мыңдай қой-ешкі, 200 мың сиыр, 50 мыңнан астам түйе мен 30 мың жылқы бар деп есептеледі.
Соңғы бес жылда жеке иеліктегі малдың бруцеллезбен ауыру көрсеткіші 4 есеге дейін азайыпты. Биыл осы аурудың алдын алу үшін вакцина салуға республикалық бюджеттен бөлінген 275 миллион теңге толықтай игеріліпті. «Енді биыл осы мақсаттағы жұмыстарды жалғастыру үшін жергілікті бюджеттен 10 миллион теңге бөлінді», дейді бас ветеринар Нұролла Сәтенов. Осы айдан бастап 34 маман 10 арнайы көлікпен алдын ала сауықтыру жұмыстарына кіріседі.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше