Қоғам • 30 Сәуір, 2024

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас прокуратурасы 2022 жылдың қаңтар айында болған оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп жазады Egemen.kz.

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

Фото: Архив. patrul.kz

«2024 жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеліп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген», делінген Бас прокуратура хабарламасында.