Қоғам • 03 Мамыр, 2024

Биыл инватакси қызметіне сұраныс артты

93 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен өткен жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба басталған еді. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 47,8 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл инватакси қызметіне сұраныс артты

Фото: astana.gov.kz

2023 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 53,9 мың рет көрсетілгенін айта кету керек.

Инватакси қызметінің сапасы мен көрсету жылдамдығын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мәселен, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді. Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушыға көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу, басқа да көмек көрсетуге арналған арнайы нұсқаулар алады», делінген министрлік хабарламасында.

Пилоттық жобаға Астана мен Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысады.