Қоғам • 03 Мамыр, 2024

Қазақстанда жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің жеке куәлік дизайнын өзгерту бойынша бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін

Фото: legalacts.egov.kz

ІІМ жеке куәліктің алдыңғы бөлігіне азаматтардың жынысын анықтайтын тармақ енгізуді көздейді.

«Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады», делінген Ашық НҚА порталында.

Ал артқы жағына штрих-код түрінде кодталған ЖСН және азаматтығы туралы деректер орналасады.

«Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер орналасады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде ұлты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі», делінген жарияланымда.

Жоба 21 мамырға дейін талқылауға ұсынылды.