11 Қаңтар, 2015

Францияда ауқымды шерулер өтті

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11 01 - marsh France АСТАНА. 11 қаңтар. Кеше, 10 қаңтарда Францияның көптеген қалаларында мыңдаған адамдардың қатысуымен шерулер болып өтті. Жұрт осылайша Парижде айдың алғашқы онкүндігінде орын алған терактілерде қаза тапқандарды еске түсірді. Бұл туралы ras.kz хабарлады. «Бостандықты қолдау мен террорға қарсы марш бұл күні По, Орлеан, Тулуза, Нант, Ницца секілді қалаларды қамтыды. Көшеге шеруге шыққандардың жалпы саны 700 мың адамға жуықтады. Ал еске түсіру мен ынтымақтыстықты білдіретін негізгі акция бүгін, 11 қаңтар күні өріс алды. Оған Еуропа одағы мен жекелеген елдердің лидерлері қатысты. Солардың қатарында Германия канцлері Ангела Меркель, Италия премьер-министрі Маттео Ренци, Испания үкіметінің басшысы Мариано Рахой, Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Еуроодақ дипломатиясының басшысы Федерика Могерини, Еуропарламент төрағасы Мартин Шульц болды. Украина жағынан президент Петр Порошенко келді. Терактілердің басы 7 қаңтар күні Париждегі Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясына екі адамның шабуыл жасап, Калашников автоматынан оқ жаудыруынан басталды. Осы лаңкестіктің нәтижесінде редакцияның 10 қызметкері және 2 полицей қаза тапты. Тағы 11 адам жарақат алды. Кейінірек тағы бірқатьар нысандарда жарылыстар болып, соңы атысқа ұласты. Күш құрылымдарымен қақтығыста лаңкестердің бәрі өлтірілді. Айдар Өрісбаев. Дерек: ras.kz. Сурет: ipress.ua.