Үкімет • 11 Мамыр, 2024

Тасқыннан кейін 20 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Тасқыннан кейін 20 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

Фото: Үкімет

Үкіметтің баспасөз қызметі жариялағандай, 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.

130 отбасы ескі тұрғын үйлерінің орнына жаңа баспанаға ие болды. Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында зардап шеккендерге берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр. Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Жалпы алғанда зардап шеккен өңірлерде 9995 тұрғын үй тексеріліп, 7522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.

ҮкіметЗалалды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматқа жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.