Оқиға • 13 Мамыр, 2024

Алматы тауларында жоғалып кеткен үш қыз табылды

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 мамырда Алматы тауларында жоғалып кеткен үш қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тауларында жоғалып кеткен үш қыз табылды

Фото: ТЖМ

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы түні РЖҚЖ құтқарушылары өтініш берушілерден Жапония жолының ауданына қарай геолокация бойынша шақыруға шықты.

«Үш қызды тапқаннан кейін жедел құтқару тобы оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті. Оларға медициналық көмек қажет емес еді», делінген хабарламада.

Жоғалған екі қыздың анасы құтқарушыларға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.