Спорт • 13 Мамыр, 2024

Көркем гимнастшылар Португалиядан жүлделі оралды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова Португалияда өткен «Шақырту кубогінде» жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Көркем гимнастшылар Португалиядан жүлделі оралды

Фото: olympic.kz

Көпсайыс қорытындысы бойынша Парфилова 5, Жайлауова 7-орыннан көрінді. 

Ал жекелеген жаттығулар бойынша өткен финалда екі спортшымыз да жүлдегерлер қатарынан табылды.

Атап айтар болсақ, Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда күміс, таспамен жаттығуда қола жүлдегер атанды. 

Эрика Жайлауова доп жаттығуында күміс алса, шығыршықпен жаттығуда 4-орынға табан тіреді. 

Ал Қазақстан командасының үздіктері Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы алдағы әлем кубогі кезеңдеріне дайындалады.