Заң • 13 Мамыр, 2024

Бүгін Бишімбаев ісіне қатысты үкім шығады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты соттың нүктесі қойылады. Жоғарғы Сот үкім 17:00-де жарияланатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Бишімбаев ісіне қатысты үкім шығады

Фото: Жоғарғы Сот

«Бүгін, 2024 жылы 13 мамырда сағат 17:00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады», делінген Жоғарғы Сот хабарламасында.

Сот отырысынан кейін аталған сот процесі бойынша баспасөз-конференциясы өтетіні қоса хабарланды.