13 Қаңтар, 2015

Ақпараттар ағыны

543 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
*Бір жылда еліміздің қор бир­жасында сауда-саттық көлемі едәуір өсті. Соңғы деректерге қарағанда, биржада барлық секторлар бойынша сауда-саттық айналымы 46 692,8 млрд. теңгені құраған. Бұл – 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,9 пайызға артық. *Өткен жылы әкімшілік айып­пұлдардың жалпы сомасы 26 млрд. теңгеден асты. ІІМ әкімшілік поли­ция коми­­­те­тінің төрағасы Игорь Лепеханың айтуынша, былтыр 3 млн. 326 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Мұның 2 млн.­ 321-і жол қозғалысы ережесі саласына қатысты болып отыр. *Елімізде 43,6 млрд. теңгенің 7 802 нысаны заңдасты­­­­­рылды. Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мүлікті жария етуге байланысты жергілікті атқа­рушы органдар жанындағы комиссияларға 2015 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы құны 124,9 млрд. теңге болатын 16 046 өтініш келіп түскенін мәлімдеді. * Былтыр астаналық кәсіп­керлерге кеңінен қолдау көрсетілді. Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов мәлім еткендей, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында елордалық кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктер арқылы 120 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер алған. *Қарағандыда қиындыққа тап болғандарға 12,6 млн. теңге қарас­тырылды. Қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская түрлі апат немесе тілсіз жау салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек оқиға орын алған сәттен бастап бір жыл ішінде берілетінін, бұл бір реттік жәрдемақының шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болатынын жеткізді. *Оңтүстік Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың іс-шарасы бекітілді. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің дерегі бойынша, 2015-2016 жылдарға арналған осы жоспардың аясында өңірде 27 тауарлы балық шаруашылығы құрылады. Жобаны жүзеге асыру үшін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» 400 млн. теңге көлемінде несие бермек. Нақтысын айтқанда, балық өсірумен айналысамын деген азаматтар үшін же­ңілдетілген пайызбен бес жыл мерзімге дейін несие алуға мүмкіндік бар. *Қызылордада жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары арты­ғы­мен орындалды. Облыстық экономи­ка және бюджеттік жоспарлау басқар­масының басшысы Сәуле Құлымбетова атап көрсеткендей, нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру есебінен өңір бойын­ша 10 600 жаңа жұмыс орны құрылған. *Батыс Қазақстанда ескі мектеп күрделі жөндеуден өтті. Орал қаласына қарасты «Круглоозерный» кентіндегі әбден тозығы жеткен мектеп ғимаратын қайта қалпына келтіруге 170 млн. теңге жұмсалған. Қала әкімі Алтай Көлгінов енді мұнда ауыл балаларының алаңсыз білім алуларына, денешынықтыру пәнін тиісті талаптарға сай өткізуге барлық жағдай бар екенін айтты. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.