Қоғам • 14 Мамыр, 2024

Отандық ғалымдар кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты

106 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

С.Сейфуллин атындағы университет ғалымдары кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты. Инновациялық өнімнің басты артықшылығы - кірпіштің құны төмен, нарықтағы кірпіштерге қарағанда мықты, экологиялық өнім. Оған қосымша, аталған технологияның нарықтағы өзектілігі - кірпіш өндіру үшін жаңа композициялық материалдарды пайдалану техникалық және экономикалық тұрғыдан негізделген. Бұл тұтынатын материалды азайтып қана қоймай, өндіріс шығындарын 20% -дан астамға төмендетіп, кірпіштің сортын 50-ден 250 МПа-ға дейін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық ғалымдар кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты

Фото: wikipedia.org

Технологияның бірегейлігі мен жаңалығы - Екібастұз көмірінің күлін кәдеге жарату арқылы гиперпресстелген кірпіш өндіру технологиясына жаңа материалдар мен қалыптау режимдері пайдаланылады.

Бұл үшін құрал-жабдықтар толығымен алынып, цехқа желі орнатылды. Қазір өндірістік жүйе іске қосылып, қажетті шикізат пен материалдар жеткізіліп жатыр. ГОСТ 1078, ГОСТ 31108 сәйкес өндірісте қолданылатын байланыстыратын материалдарды сынау бойынша тиісті тәжірибе жасалды. Құрамында өндіріске қажетті цемент пен күлі бар композициялар сынақтан өтті. Кірпішке арналған қоспалардың технологиялық параметрлері анықталып, қалыпты тығыздық, күл мен күлді қосатын цемент пастасы физикалық-механикалық сынаулар арқылы, ал, күлдің түсуін бақылау өндірісте қолданылатын қоспалардың қауіпсіздігін көрсететін рентген-флуоресценциялық талдау арқылы жүргізілді.

Шикізаттардың, қоспалардың және шыңдалған материалдардың параметрлерін бақылау белгілі стандартталған әдістер бойынша: ГОСТ 30744-200, ГОСТ 10178, ГОСТ 3108, ГОСТ 8736-2014 арқылы жүргізілді. Шикізат сапасының барлық көрсеткіштері цемент үлгілерінің майысу және сығымдалуын сынау арқылы анықталды. Барлық өнімділік көрсеткіштері физикалық және химиялық талдау деректерімен және жоғары қысымды электронды микроскопиялық деректермен расталды.

Өнімдер нарыққа шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен «Astana Garant Consulting» ЖШС семинары арқылы шығарылады.

2024 жылға: технологиялық көрсеткіштердің сапасын қамтамасыз ету, гиперпресстелген кірпіш өндірудің технологиялық регламентін дайындап, өнімді сынау және сертификаттауға әзірлеп, дайын өнімді өткізу міндеттері қойылды. Қазір өнімді сертификаттау жұмыстары аяқталуға жақын.

Сатып алынған жабдықтың болжамды өтелу мерзімі желі толық іске қосылғаннан кейін 9,7 айды құрайды. Сметалық құны бір дана кірпіш үшін 64 теңгеден. Сатылым бағасы бойынша бір кірпіш үшін құны 90 теңгеден басталады.

Ішкі нарықтың кірпішке деген сұранысының небәрі 62 пайызы ғана  өтелген. Ал, құрылыс материалдары бойынша сұраныстағы кірпіштің үлесі 71 пайызды құрайтынын ескере отырып, кірпішке деген сұраныстың өте жоғары екенін байқауға болады. Өнімдер ішкі нарыққа арналғандықтан, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының базарларына кірпіш өнімдерін жеткізу жоспарлануда.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ғалымдардың айтуынша, гиперпрестелген кірпіштер өндіріс қалдықтарын пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғауға да айтарлықтай үлесін қоспақ. Бір сөзбен айтқанда, ресурстарды ұтымды әрі тиімді пайдалануды көздейді.