13 Қаңтар, 2015

Күн тәртібі талқыланды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қасым-Жомарт То­қаев­­тың төрағалық етуімен Қа­зақстан Республикасы Пар­ламенті Сенаты бюро­сы­­ның отырысы болды. Онда па­латаның 2015 жыл­ғы 15 қаң­тарда болатын оты­рысының күн тәртібі талқы­ланды, деп хабарлады Сенат­тың баспасөз қызметі. Сенаторлар Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және хаттаманы ратификациялау туралы; Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы хаттаманы ратифи­кациялау туралы; Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның 25 және 26-баптарына түзетуді  ратификациялау туралы; Қазақстан мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым ара­­­сындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қала­сында құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарауды жоспарлады.