Ал ақиқатына келсек, Хэм ағайдың жазушылық мансабының басталуына дейін америкалық газеттерде балалар аяқкиімі немесе арба туралы осындай хабарландырулар жиі шығатын болған. Мұндай хабарландырулар туралы түрлі авторлар мақала жазып, оларды «қысқа әңгімелер» деп атады. Ал Хемингуэйдікі делінетін бұл әңгіме тек 1990 жылдары баспасөз беттерінде пайда болды. Хэм ағай аяқкиім туралы әңгіменің негізін қайдан алғанын болжай беріңіз...
Ал кейде әдебиет майталмандарының бір ауыз сөзінде бір ғасырдың шындығы жатуы мүмкін.