Өнер • 15 Мамыр, 2024

Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке концертін береді

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың күзінде танымал әнші Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке концертін береді, деп хабарлайды Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке концертін береді

Фото: tobolinfo.kz

«Stranger» шоуы Прагада 22 қарашада, ал Дюссельдорфта 24 қараша күні өтеді.

Концерттің Чехияда өтетін орны - «Sortovni Hala Fortuna», Германияда -«PSD BANK DOME».

Еске салайық, 4 мамырда Димаштың 2024 жылғы алғашқы жеке концерті Будапештте «Stranger» турнесінің аясында өтті.