Қазақстан • 15 Мамыр, 2024

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанға Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 553 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 988 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп болжанып отыр. «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу жұмысын жалғастырып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі өтіп жатыр.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Өңірде су тасқыны аяқталды. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші - 85,4%. Аймақта су тасқыны әлі жалғасып жатыр.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасы 59,7%-ға толды. Бұл аймақта да су тасқыны жалғасып жатыр. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істеп жатыр. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Өңірде су тасқыны аяқталды.

«Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жүргізіліп жатыр. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі», дейді министрлік өкілдері.