Мәдениет • 16 Мамыр, 2024

«Соңғы үкім». Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм көрерменге жол тартады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы түсірілген «Соңғы үкім» көркем фильмі үлкен экранға жол тартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы үкім». Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм көрерменге жол тартады

Фото: astana-akshamy.kz

Ағартушы, педагог, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған фильм 2022 жылы түсіріле бастады. Осы жылдың 23 мамырынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Соңғы үкім» көркем фильмі көрсетіледі.

Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының образын актер Азамат Сатыбалды сомдайды.

Жұбайы Бадрисафаның рөлін Дарья Александрова ойнайды. Әлихан Бөкейханов бейнесін сомдау Айдар Наурызбаевқа тапсырылған. Тағы бір танымал актер Еркебұлан Дайыров - Міржақып Дулатұлының образын бейнелейді.

Ал фильмнің қоюшы режиссерлері: Ерген Тоқмурзин, Ерлан Нұрмұхамбетов.

Продюсер және сценарий авторы: Ғалым Доскен;
Қоюшы оператор: Марс Умаров;
Қоюшы суретші: Амантур Бейсенбинов.