Талбесік • 16 Мамыр, 2024

Самардың «сакурасы»

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өмеш асуынан аса бере тау арасындағы иір жолдың қос қап­талы күлгін түсті гүл атқан аласа бұталар. Көр­сеңіз ғой, әр-әр жерге шоқ­тасқан әдемілік.

Самардың «сакурасы»

Суретті түсірген – автор

Бір қарағанда сирень бе дейсіз. Енді бірде Жа­понияның әйгілі сакурасына ұқсатасыз. Алайда негізгі атауы – марал оты. Мамырда гүлдейді. Бұл өсімдік Ресейдің Шүй жолы бойын­дағы беткейлерде тұтасып өседі. Туризмнің дамығандығы ма, ол жақта марал оты гүлдегенде саяхатшылар анау-мынау жұмысын ысыра тұрып, алыс-жа­қыннан арнайы жетіп, суретке түседі, табиғаттың сұлулығын тамашалайды. Сол секілді Өскемен – Самар тас жолындағы марал отын да көбейтіп, турис­терді тарт­са деген ой келген. Ол туралы ботаник мамандар не дейді? Ең әуелі солардың пікірін тың­дағанбыз.

– Иә, ерекше әдемі гүл. Өкінішке қарай, азайы­п бара жатқандықтан, «Қы­зыл кітапқа» енді. Кө­бейту жағын зерттеп, өзі бейімделген жерлерге отыр­ғызуға болады, әри­не. Бірақ онымен ай­на­лысатын арнайы мамандар керек шы­ғар? – дейді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ био­ло­гия кафедрасының до­­центі, био­логия ғы­лым­дарының кандидаты Жа­мал Игісінова.

Егер марал оты Өмеш асуынан асқандағы Лай­лы бұрылыстарының ішіндегі беткейлерге киіз­дей қаптап, көктем­де құл­пырып тұрса, саяхат­шылардың арнайы сапар­лайтыны анық. Жа­по­нияда сакура ағашы гүл атқанда қаншама ел­ден турист сабылады. Мә­­селен, Токиодағы «Синд­зюку» саябағында ғана 1000 түп сакура ағашы бар екен. Сол секілді Са­мардың «сакурасын» да көбейтуді қолға алса, игі іс болар ма еді. Қазірдің өзінде әр түптің түбіне тоқтап, суретке түсіп жүр­ген сұлулыққа жаны құмар жолаушыларды байқадық.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Самар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024