Оқиға • 17 Мамыр, 2024

Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев 6 жыл 8 айға сотталды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұрланған қаражатты заңды айналымға түсірген Әнуарбек Жексенғалиевтың мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев 6 жыл 8 айға сотталды

Фото: ҚМА

Ә.Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттен 1,1 млрд теңгені жымқырып, оны бақылаудағы, жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аударудың күрделі схемалары арқылы заңдастырғаны анықталды. 

«Қылмыстық кірістерді заңдастыру және жылыстату әрекеттері 2019-2022 жылдар аралығында іске асырылды. Ол жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде пәтерлерді алып отырған. Жексенғалиевтен мемлекет кірісіне тәркіленген мүліктің сомасы 4,7 млрд теңге», делінген хабарламада.

Сонымен қатар кәсіпкердің  қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырғаны белгілі болды.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті