14 Қаңтар, 2015

Жасырын ұрлық жақпады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Оңтүстік» аймақтық бас­қар­масының Тараз шекара отрядына қа­расты «Гродеково» зас­тавасының шекара жасағы қазақ-қыр­ғыз шекарасында контра­банданың жолын кесті. Олар Қырғызстанның 4 азаматы мінген «Урал» жүк көлігін тоқтатып, тексереді. Сөйтсе, күдіктері текке емес екен. Әлгі жүк көлігінен жа­сырылған 3 тонна құс еті және «LD» «SOBRANIE» «BOND» маркалы темекі өнімдері шыққан. Бұлардың бәрі контрабанда жолымен біздің елімізге алып келе жатқан тауарлар болды. Сондықтан, осы дерек бойынша Жам­был облысының құқық қор­ғау органдары құ­лағ­дар етілді, деп ха­барлады ҰҚК ШҚ бас­­­пасөз қызметі.