Әнші жеті қазынаның бірі саналатын тазы сенімді серігіне айналғанын айтты.
«Осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған «Ғарышкер» деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның бірі саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген», – деді әнші Instagram парақшасында.
Сонымен қатар Димаш Құдайберген Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, тілегін жеткізді.
«Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын!», – деді әнші.